
Сурет: istockphoto.com
Ақпарова Қазақстанда мектеп формасына қойылатын міндетті талаптар қолданылатынын еске салды. Ол күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді. Мектеп формасының түсі мен үлгісін мектеп әкімшілігі ата-аналармен және қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесіп айқындайды.
Вице-министрдің айтуынша, мұндай шектеу, балалардың денсаулығына деген қамқорлықтан да туындап отыр.
Бұл ретте Ақпарова әкімшілік жауапкершілік міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ бұйрықта жарақат келтіруі мүмкін фурнитурасы бар киім мен аксессуарларға тікелей тыйым салынған.
Қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін?
Қолданыстағы бұйрықта макияж мектеп формасын бұзу ретінде көрсетілмеген. Сондықтан ата-аналарға қызы сабаққа макияжбен барғаны үшін ғана айыппұл сала алмайды.
Бұл ретте оқушылар мектеп жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, сондай-ақ мектеп формасына қойылатын бекітілген талаптарды сақтауға міндетті.
Бұған дейін мектеп формасының сәйкес келмеуіне байланысты баланы сабаққа жібермеуге болмайтыны туралы жазған болатынбыз. Алайда, белгіленген талаптарды жүйелі түрде бұзғаны үшін ата-аналарға алдымен ескерту жасалып, кейін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 2026 жылы бұл сома - 21 625 теңге.
Бала сабаққа формасыз келді: мектеп не істеуге құқылы?
Дегенмен, вице-министр мектептің өзі белгілеген макияжға тыйым салу ережесін бұзу ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жеке негіз бола алатынын нақтыламады. Ол айыппұлды тек міндетті мектеп формасын сақтамаумен байланыстырды.
Бұған дейін Tengrinews.kz мектеп оқушыларына макияж жасауға, шаш бояуға немесе маникюрге қатысты жеке заңнамалық тыйым жоқ екенін жазған болатын. Дегенмен, мектеп әкімшілігі оқушылардың сырт келбетіне қатысты өз талаптарын белгілеуге құқылы.