29.03.2024, 11:45
Оқылды: 51

Олжас Бектенов: «Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту»

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды.

FA3IAUIx0MRgmsYjc0cWV374hG0ZZ59gPVLuohhy

ТЖМ деректері бойынша әкімдіктермен бірлесіп, 2,3 млн текше метрден астам ағын су шығарылып, 162 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару жұмысқа 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы және тағы басқасына жұмылдырылды.

T6Om7oGoeus7b0YKMA8eBin66IeYd3UwfK009sur

- Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі. Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмысқа жұмылдырылды. Бірқатар өңірде ТЖ режимі жарияланды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр, — деді Олжас Бектенов.

vhR8kck8066pjqiNP3IhCIfXg9JzLBonKqyxA72n

Үкімет басшысы сондай-ақ солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін атап өтті. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы су тораптарының жағдайы тексерілген болатын.

ТЖМ басшылығына еліміздің барлық өңіріндегі жұмысқа бақылауды күшейту тапсырылды.

Фото: primeminister.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале