13.12.2021, 15:46
Оқылды: 125

Омикрон "дельтаны" ығыстыра ала ма?

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург омикрон штамы "дельта" штамын ығыстыруы мүмкін екенін айтты.

CAB234B9-6722-4A7F-925F-E777DA91508C

"Ол Оңтүстік Африкада өте тез таралып жатыр деген ақпарат бар. Сондықтан бәрі де мүмкін", - деді ғалым басылымға берген сұхбатында.

Ресейде жаңа штамм Оңтүстік Африкадан келген екі адамнан расталды. Гунцбургтің айтуынша, олар бұрын екпе алғандықтан ауру жеңіл түрде өтіп жатыр.

Еске салайық, коронавирустың омикрон нұсқасын ДДСҰ сарапшылары "алаңдаушылық туғызатындар" санатына жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале