17.01.2022, 15:40
Оқылды: 43

Омикрон штаммы туралы не білуіміз керек?

Әлемнің 89 елінің деректері негізінде жасалған КВИ бойынша жоғары деңгейдегі Еуропалық сарапшылар тобының деректеріне сәйкес, Omicron VOC нұсқасы Delta нұсқасына қарағанда 3-4 есе көп трансмиссивтілеу. Солайша, Omicron-ның екі есе көбею уақыты шамамен 2-3 күнді құрайды.

001

Алайда қазіргі уақытта Omicron VOC-ның Delta-ға қарағанда қауіпсіз екендігі дәлелденбеген.
Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік байланыстарды шектеу және үй-жайлардағы халық тығыздығын азайту оның таралу қаупін азайтады. Себебі көбіне адам тығыз орналасқан жерлерде, нашар желдетілген бөлмелерде таралады.
Omicron штаммын жұқтыру қаупін төмендетудің кілті:
✅ Үш дозалы вакцинация режимі (немесе екі доза + емделген Covid инфекциясы) барлығына вакцинацияның толық схемасы ретінде қарастырылуы керек;
✅Әлеуметтік және жұмыс орнындағы өзара байланысты азайту - таралуын азайтудың ең тиімді әдісі.
Келесі шаралар Omicron-ның таралу қаупін төмендетуі мүмкін:
✅Адамдар орналасқан бөлменің ауасын тазарту;
✅Арақашықтық сақтап, адамдар тығыздығын азайту;
✅Үй-жайлар мен көшелерде маска режимін міндетті және қатаң түрде сақтау;
✅Бұқаралық шараларды шектеу;
✅Осал адамдар үшін барлық сақтық шараларын күшейту.

Осы сақтық шараларының ешқайсысы жеке-жеке тиімді емес, бірақ барлығын бірдей ұстанғанда ғана инфекцияның таралу қаупін едәуір төмендетуі мүмкін. Олар коменданттық сағат, қатты локдаун немесе оқу орындарын жабу сияқты төтенше жағдайларда одан да қатаң шараларды болдырмау үшін ұсынылады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Фотосурет: perfekt.ru

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале