27.10.2023, 10:45
Оқылды: 13

«Өмірін өрнектеген өлең-жырмен»

Осындай атаумен  М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақпен кездесу өтті. Қаламгердің 65 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеште педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев іс-шара қонақтарын таныстырып, ақын шығармашылығы жөнінде әңгіме өрбітті.

 1cde3eec-6c57-447e-952b-5dc0aa138783

Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов ақынға БҚУ басқарма төрағасы-ректор, профессор Нұрлан Серғалиевтің құттықтаухатын табыстады. Сонымен қатар қаламгердің иығына шапан жапты.

7f0c1b35-9e89-465e-ad97-fccef30df10f

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Зейнолла Мүтиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабит Хасанов ақын шығармашылығындағы ерекшеліктер, метафоралар мен ұлттық таным жөнінде егжей-тегжейлі әңгімеледі. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Қырымжан Жақыпова мен Аянбек Мыңбаев, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева, БҚУ филология факультетінің деканы,  философия ғылымдарының докторы Айдарбек Ақболатов ізгі ниет-тілектерін ақтарды.

c84608f4-9ab8-4e47-9843-b16dbbc3dd95

Жүздесу барысында Ғайсағали Самиғоллаұлы өлеңдерін оқып, шығармашылығы жайлы баяндады. Өз кезегінде ақынның зайыбы Тамара Нәбиқызы күні кеше ғана жарық көрген «Ене тағылымы» атты кітабына енгізілген естеліктер туралы әңгімеледі. Студенттер қаламгер жырларын нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Домбыра мен скрипка тартып, өз өнерлерін паш еткен жастар кеш қонақтарын және бір сүйсінтті.

 

Марлен  Ғилымхан,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале