8.01.2021, 9:49
Оқылды: 40

«Өнеге-Бисен-Сайқын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеуі жайлы айтылды

Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылына қарасты «Береке» базарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Жаңабек Жақсығалиев пен Сабира Сүндетова жергілікті халықпен экспромт-кездесу өткізді.

Ауыл халқының жиі жиналатын жерінде үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сол жерде сұрақ-ұсыныстарын жеткізген тұрғындарға жауап берді. Сұрақтар ішінде ең бірінші орында қозғалғаны – жол мәселесі болды. Ауыл тұрғындары қалаға барып-келу машақаттарын жеткізді. Сонымен қатар, интернет желілерге және денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын білдірді.

Бұл орайда, үміткерлер 2021-2025 жылдар аралығында партия тарапынан орындалатын нақты істерді алға тартып, аталған мәселердің шешімдерін айтты. Жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың аяқталатындығын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале