17.10.2023, 10:30
Оқылды: 56

Өнегелі өмір ұрпаққа үлгі

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Өмірге өнеге, ұрпаққа ұлағат» атты іс-шара өтті.

ардагерлер7

Қарияларымызға құрмет көрсетіп, олардың ерен еңбектерін бағалау – әрбір жас ұрпақтың борышы. Осы мақсатта аталмыш күнге орай бірнеше іс-шара өтті. Солардың бірі – «Германиядағы Кеңес әскері тобы және Варшава келісімшарт тобы» қоғамдық ұйымының бастамасымен өткен шара. Шара барысында ұйым мүшелеріне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
- Кеңестік Германия мен Еуропаның бірқатар елінде әскери борышын өтеген сол кездегі жас жігіттер, бұл күнде қазыналы қарияларымызға айналып келеді. Қоғам назарынан тыс қалдырмай, жан-жақты қолдау білдіру мақсатында бір жыл бұрын «Германиядағы Кеңес әскері тобы және Варшава келісімшарт тобы» қоғамдық ұйымы құрылған еді. Қатарымыз жыл өткен сайын толысып келеді. Бүгінде ұйымның 85-ке жуық мүшесі бар, – деді шара барысында аталмыш ұйымның төрағасы Жақсылық Тілекқабылов.
Концерттік бағдарламадан соң ардагерлер ұлттық ойындардан сынға түсіп, ләңгі тебу мен асық атудан мықтыны анықтады. Спорттық бәсекеде оза шапқан аға буын өкілдері дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Әнуар Аманжол,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале