27.07.2022, 16:45
Оқылды: 480

Өңір басшысы Қаратөбеге жұмыс сапарымен келді

Сәрсенбінің сәтті күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы ауданға сапарын алдымен аудан іргесінде орналасқан «Қоржын» мал сою кешенінің жұмысымен танысудан бастады.

13

Облыс әкімі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқановпен кездесіп, шаруашылығында биыл 200 гектар жерге егілген суданка екпе шөбінің алқабын аралап көрді.

12

Одан соң Құсайын Ізімұлы мал сою кешенінің жұмысымен таныстырып, кешен жұмыстарына тоқталды.

– Мал сою пункті күніне 30 бас ірі қара союға қауқарлы. Қазір жаз мезгілі болуына байланысты күніне 10 шақты бас мал сойылады. Кешенде бес адам жұмыс атқарып отыр, - деген қожалық жетекшісі Қ.Мұқанов келген лауазымды тұлғаларға әлі құрылысы аяқтала қоймаған 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмысын көрсетті.

14

Ауданға келген өңір басшысы Ғ.Есқалиевтың сапары барысында облыс әкімінің кеңесшілері Ғарапша Сахипов пен Табылғали Сапаров және бірқатар басқарма басшылары бірге жүрді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале