9.11.2023, 15:30
Оқылды: 59

Он өңірде «Eolus» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты іс тергеліп жатыр

Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.

ЖП ақша

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша,  қылмыстық іс Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.

«Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің  қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.

Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажет қаражатты жинап, күн сайын 2,5-тен 3,5%-ға дейін пайда алады.

Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4% төленеді.

Осылайша, сыйақының жылдық қаражаты - 3000% құрады.

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды. Содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады.

Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 миллион теңгеге мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале