15.08.2026, 10:00
Оқылды: 30

Өңірлерде коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламалары енгізіледі

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

мусор

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

«Жасыл даму» АҚ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, аудандарда коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Талқылауға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес ҚР қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.

Негізгі назар ауылдық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, қажетті инфрақұрылымды дамытуға және өңірлік жобаларды қаржыландыру тетіктеріне аударылды. Қатысушылар коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде әр өңірдің ерекшелігін ескеру қажет екенін атап өтті. Кейбір аумақтарда елді мекендер бір-бірінен алыс орналасқан, қалдықтардың түзілу көлемі аз әрі арнайы инфрақұрылым жеткіліксіз. Мұндай жағдайлар қалдықтарды жинау, тасымалдау және одан әрі басқару жүйесін жоспарлауда әр өңірге бейімделген шешімдерді талап етеді.

Кеңес барысында өңірлік жобаларды іске асырудың ықтимал тетіктері, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру негізінде арнайы техника сатып алу және қажетті инфрақұрылым салу мәселелері қаралды.

Өңірлердегі қазіргі жағдай мен қажеттіліктер туралы Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов баяндады.

Сонымен қатар қатысушылар EcoQolday бағдарламасы аясында қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері ретінде ПИК пен МИБ-ты тарту мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Қабылданып жатқан шаралар полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін азайтуға, ҚТҚ жинау және шығару қызметтерінің сапасын арттыруға жағдай жасайды деп күтілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті арттыруға және елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асырудың бір бөлігі болып саналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале