23.06.2017, 21:16
Оқылды: 79

Өңірлерде тәртіп сақшыларының мерекесі дәріптелді

Сырым ауданы   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына 25 жыл толуына орай аудандарда салтанатты шаралар ұйымдастырылды.


    Сырым ауданы орталығында әкімі Абат Шыныбеков полиция күніне орай ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттар табыс етті. «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгісімен  ішкі істер органдарының  ардагерлері Нұрлан Абдрахманов,  Алтай Жұмажанов, Қайыржан Ақмұқанов, БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Сырым ауданы бойынша полиция бөлімшесінің полицейі, полиция старшинасы Муса Искаков марапатталды. Дәл осы төсбелгіні аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Закин аудан әкімі Абат Абайұлының өңіріне тақты.

   Жетікөл ауылдық округінің  учаскелік полиция инспекторы Қадырбек Ғабдуллин «Ең үздік полиция инспекторы» атанды.

     Бұндай шара Қаратөбе ауданында да ұйымдастырылды. Айтулы шараға Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев,  аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, ішкі істер саласының ардагерлері мен полиция қызметкерлері, мекемелер басшылары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

   Тәртіп сақшылары мерекесіне арналған шарада аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Иманғалиев, сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, 25 жыл аясында аудандық ішкі істер бөлімінде тындырылған оңды  істер және өскелең ұрпақ жас мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосушы сала ардагерлерінің еңбегі туралы  әңгімелеп, аудан сақшыларын  ҚР полициясына - 25 жыл толуына орай төл мерекелерімен құттықтады.

   Тасқала ауданында аудандық ішкі істер бөлімінде де ҚР полициясының 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Оған Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев пен  аудан әкімініңорынбасары Л.Жұбанышқалиева және осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.

  Алдымен сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықты табыс етті.

      Содан соң аудан әкімі  аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры М.Хабенов, Б.Кадыров, М.Нұғмановқа, полиция капитаны Н.Тогаев пен ардагерлер Б.Өтегенов, М.Қажығалиев, М.Ерғалиеке БҚО ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтің атынан мерекелік медалді табыс етті.

  Айтулы мерекені жаңақалалықтар да атап өтті. «Елін қорғау - ерге серт» атты салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Л.Хайретдинов мереке иелерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Сонымен қоса Л.Рашидұлы ҚР полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай аудандық ішкі істер бөліміне облыс әкімі А.Сейдірұлы атынан 3 автокөліктің кілтін сыйға тартса, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Ашабаев аудан басшысын БҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың атынан Қазақстан Республикасының полициясына 25 жыл толуына орай арнайы төсбелгімен марапаттады. Одан әрі аудан басшысы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы М.Нұрғалиев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Н.Жұмасейітовке облыс әкімі А.Көлгіновтің атынан Алғысхат табыс етсе, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы С.Оспанованың төсіне ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тақты.

     Сонымен қоса 17 қызметкерге аудан әкімі Л.Хайретдиновтың атынан алғысхат табыс етті. Салтанатты жиын мәдени демалыс орталығының өнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале