18.04.2024, 17:32
Оқылды: 48

Оңтүстіктің ортақ көмегі

Өткен аптада облысқа Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан бизнес өкілдерінің ұйымдастыруымен гуманитарлық көмек келді. 

WhatsApp Image 2024-04-16 at 11.52.55

Сын сағатта сырт қалмаған Сыр бойындағы ағайын екі жүк көлігімен азық-түлік, төсекорын, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, гигиеналық құралдар жіберген. Сондай-ақ газ плиталар, резеңке қайықтар мен етіктер, басқа да керек-жарақтар бар. Мәселен, Q-MED медициналық орталығы дәрі-дәрмектер, гигиеналық құралдар, ал «Абай-Дәулет» ЖШС малға жем-шөп жөнелткен.

Өңірдегі тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысы халқы да көмектеспек. Бұл өңірлердегі кәсіпкерлер палатасы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Жүректен жүрекке» акциясына үн қосқан екен. Олар «Көп түкірсе, көл» дегендей, 100 тоннадан асатын жүк жинаған. Азық-түлік, киім-кешек, резеңке аяқ киімдер, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары, жағалауды бекітуге арналған жабдықтар мен эвакуациялық орталықтарға қажетті заттар бар. Бұл гуманитарлық көмек Наджаф Мамедов төрағалық ететін «Бирлик» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің қоймасына жеткізілді. Осы жерден эвакуациялық пункттерде тұратын адамдардың сұранысы бойынша таратып берілмек. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев пен палатаның өңірлік кеңесінің төрағасы Мұрат Жәкібаев республиканың оңтүстік аймағынан гуманитарлық көмек жіберген барша жанға алғысын білдірді.

Айна Имашева, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале