Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Азат Ізбасаров пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 866 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды. Жарлыққа сәйкес Орал қалалық сотының судьялары лауазымына Айнар Мусина мен Айзада Джумагулова тағайындалды.
Өмірбаяндық анықтамадан:
Мусина Айнар Исатаевна 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Батыс Қазақстан инженерлық технологиялық университетін, 2024 жылы ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.
2016 -2017 жылдары – Сырым аудандық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы
2017-2024 жылдары – Орал қалалық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы
2024 жылдан қазіргі кезге дейін – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы
Джумагулова Айзада Бөгенбаевна 1987 жылы Қарағанды облысы Балхаш ауданында дүниеге келген, 2009 жылы Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
2012-2013 жылдары – Астрахан аудандық сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы
2013-2014 жылдары – Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы
2014-2020 жылдары – Астана қаласы Алматы аудандық сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы
2020 жылдан – қазіргі уақытқа дейін Астана қалалық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы
Жаңадан тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады.
Жаңадан тағайындалған судьяларды судьялар корпусына таныстыра отырып, Азат Ізбасаров қызметте табыс, сот төрелігін сапалы іске асыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кезінде заңдылық пен құқықтың үстемдігін сақтауды тіледі.
Дереккөз: Батыс Қазақстан соттары