28.06.2023, 18:11
Оқылды: 110

Орал қаласы NIS БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қоғамдағы маңызы жоғары, қызметкерлерінің бағасы биік. Бүгін Орал қаласындағы NIS жыл бойы мектеп қызметін қалың жұртқа көрсетіп, білім беру үдерісін ақпараттандыруға үлес қосқан БАҚ өкілдерін құттықтады.

WhatsApp Image 2023-06-28 at 15.44.06 (1)

Іс-шара өздерін журналист рөлінде байқап көрген зияткерлерден басталды. Мектеп оқушылары қонаққа келген БАҚ қызметкерлеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, аталған саланың қыр-сырына үңілді. Әрқайсысы жеке сұхбат ұйымдастырып, білім ошағымен жақынырақ таныстырды.

Мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы мерекелік құттықтауын арнап, меймандарға марапат пен естелік сый ұсынды. Астана қаласынан жеткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Қанатұлының Алғыс хатын «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Қазыбек Құттымұратұлы, «Kazinform» ақпараттық агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ғайсағали Самиғоллаұлы және жергілікті «AQJAIYQ» телеарнасының ұжымына ұсынды.

WhatsApp Image 2023-06-28 at 15.44.06

Сонымен қоса аталған телеарнаның тілшілері Лұқпан Елеу, Назгүл Пахман, режиссері Ләйлім Утарова, бейнеоператоры Рүстем Ищанов, «Хабар24» республикалық телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшілері Еркебұлан Смадияров, Альбина Кумаргалиева, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлжамал Жолдығали, «Жайық Пресс» ақпараттық агенттігінің тілшісі Динара Насыр мектеп басшылығының марапатына ие болды.

БАҚ өкілдері де ризашылықтарын білдіріп, арадағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екендерін жеткізді.

Мөлдір Латифова,
Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале