2.08.2021, 17:44
Оқылды: 186

Орал қаласында  «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС -ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

2021 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - департамент) «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ның электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифті бекітуге ұсынылған өтінімді қарау бойынша жария тыңдау өткізді.

4d6c2dba-309c-4791-8979-a617e4742c41

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, «COVID-19» коронавирустық инфекциясын таратпау мақсатында қоғамдық тыңдау барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Сонымен қатар, Департамент мүдделі тұлғаларға департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде қатысу мүмкіндігі ұсынылды (сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Қоғамдық тыңдау департамент басшысы Алмас Отаров төрағалығымен өтті.

Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар, жалпы саны 19 адам қатысты.

Тариф жобасы бойынша «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ның директоры Дина Галиметдинова баяндама жасады.

Жария тыңдауды өткізу процесінде қатысушылар субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.

Көпшілік тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, департамент шешімі 2021 жылғы 13 тамызда қабылданады.

 

ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале