«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Орал қаласының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау биылғы жылдың 30-шы наурызына тағайындалды.
Кандидаттарды ұсыну 29 қаңтар - 28 ақпан аралығына, ал үміткерлерді тіркеу мерзімі 5 наурызға дейін жүргізілді. Бүгінде аталған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, ол туралы барлық ақпарат Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және қалалық басылымдар мен сайттарда жарияланды.
Орал қаласындағы №17 округтік комиссия өз жұмысын 1 ақпаннан бастап кірісті. Комиссия құрамында 5 адам болса, оның үшеуі мүшелікке жаңадан тағайындалған. Бүгіннен бастап осы аумақта орналасқан 7 учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кірісті.
Жақында Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы округтік комиссия мүшелеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында бірмандаттық аумақтық сайлау округінің жұмыстарын ұйымдастыру, мәслихат депутаттығына ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптар, үміткерлерден құжаттар қабылдау тәртібі т. б. туралы мол мағұлматтар берілді.
Сонымен қатар сайлауалды үгіт-насихат қаржыландыру және орналастыру, тиісті құжаттарды дұрыс толтыру тәртібі, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу, жалпы сайлау жұмысын ұйымдастыру тақырыбындағы бірнеше семинарлар өткізу жоспарланған. Алдағы уақытта округтік және учаскелік сайлау комиссия мүшелері толықтай тестілеуден өтетін болады.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы