30.06.2021, 15:19
Оқылды: 188

Орал қаласында Өңірлік комиссияның отырысы өтті

30 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылға арналған бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есепті бірлесіп қарау мәніне Батыс Қазақстан облысы бойынша тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.


27D3E47A-DE23-4E57-91D2-88F0AF09E5AC

Отырысқа өңірлік комиссия мүшелері, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жалпы саны 14 адам қатысты.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №14 қаулысының негізінде коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында өңірлік комиссияның отырысы «ZOOM» бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде өткізілді.

92C99FF7-1A35-4837-BCBD-2077E215BDBA
Сонымен қатар, Департаментпен мүдделі тұлғаларға онлайн режимінде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасы арқылы есепті тыңдауға қатысу мүмкіндігі ұсынылды

(сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100055358385771).

Өңірлік комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары шешім шығару кезінде ескерілетін болады.

51DB7519-ABE7-4CB5-834B-3C6266B26638

2020 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есепті бірлесіп қарау бойынша өңірлік комиссия мүшелерінің ескертулері болған жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале