19.08.2019, 10:54
Оқылды: 228

Орал қаласының әкімі тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырды

24 тамыз күні Орал қаласында сенбілік өтеді. Қала әкімі өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында тұрғындарды сенбілікке шақырды.

таза жағалау-«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, қаламыздың тазалығы ең бірінші өзімізден басталады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Сүйікті Орал шаһары – Қазақстанның жасыл, экологиялық таза қаласы мәртебесіне ие қалаларының бірі. Қала аумағындағы өзен-суларды, жайқалған жасыл желектерді сол қалпында таза ұстау ең алдымен өзімізге қажет. Осы орайда Республикалық «Бірге - Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында қаламыздың барлық тұрғындарын 24 тамыз күні өтетін қаламыздың тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Осы күнгі жоспарланған шаралар аясында Орал қаласының барлық шағынаудандарында, қала маңындағы елді мекендерінде тазалық жұмыстар атқарылмақ. Мақсат, ең алдымен қала көшелерін, аулаларды, демалыс саябақтарын, балалар алаңы мен аулаларды тазарту. Баршаңызға белгілі, тамыз айының аяғында ҚР Конституция күні тойласақ, 1 қыркүйек күні балаларымыз жаңа оқу жылын бастайтын болады. Сонымен қатар қыркүйек айының басынан бастап көптен күткен Қала күні мерекесі аталып өтіледі. Осы мерекелерге қаламыз сақадай сай болып, келген қонақтарды қарсы алуға дайын болу керек деп есептеймін. Қала – біздің ортақ үйіміз! Сол себепті, жеке меншік сектордың тұрғындарын, бизнес нысандарын, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары, оқу орындары, ПИК қызметкерлер және қала жастары айтулы шарадан тыс қалмайды деп сенемін,-деп жазды Абат Шыныбеков.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале