12.04.2018, 17:31
Оқылды: 23

Орал құтқарушылары мұз кептелісін тазартуда

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тасқала ауданындағы Шежін-2 гидростанциясындағы Деркөл өзені тасқынның алдын алу үшін мұз кептелісі болған аумақты мұздан тазарту жұмыстарын жасауда.

Құтқарушылар мұзды тазарту жұмыстарын жарылыс арқылы жүргізбейді. Құтқарушылар үлкен мұздақтарды трос, ілмектер және КАМАЗ автокөлігі арқылы жою жұмыстарын жүргізуде. Мұз үстінде ойықтар ойып, солар арқылы тросты байлайды да, ілмек арқылы мұздақтарды кішкене бөлшектерге бөліп тастайды.

Мұз кептелісі болу мүмкіндігін жою үшін алдын ала ескерту жұмыстары жасалды, мұнда мұздың қалыңдығын әлсіретіп, көлденең саңылаулар жасалынды. Облыстың су қоймаларының 248470 шаршы метр аумағында 14080 ойық бұрғыланды, 507 метр мұз кесілді.

«Мұзды қаптау - көктемде су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін мұз қабатын әлсіретуге арналған экологиялық ең таза, қауіпсіз және тиімді әдістердің бірі. Жарылыс жұмыстарынан мұз кесудің айырмашылығы  бұл әдістің қауіпсіз, арзан және судың тұрғындарға зиянының болмауымен ерекшеленеді. Мұз кесу әдісін құтқарушылар 2015 жылдан бастап қолданып келеді.  Су тасқыны кезінде бұрғыланған жерлерде тесіктер пайда болып, мұз кішкене бөліктерге бөлініп кетеді. Осыған орай мұз кептелісі болу қаупі төмендейді, осыған орай судың бірден көтерілуі мен жақын арадағы елді-мекендерді су басу қаупі азаяды» - деп жасақ басшысы Асқар Килишев атап өтті.

Қазіргі уақытта жасақта үш ұтқыр топ жасақталып, кезкелген уақытта мұз кептелісін жоюға және өзендердің тасқынына жол бермеуге жауынгерлік дайындық үстінде.

Облыстың су қоймаларындағы жағдайды және судың деңгейін өлшеу жұмыстары күнделікті бақылауда тұр.

Л.Абдрахманова

БҚО ТЖД ЖҚЖ

бас құтқарушы-психологы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале