21.08.2023, 11:45
Оқылды: 1697

Орал тұрғыны жол қозғалысына кедергі келтірді

Кеше белгісіз әйел Оралдағы Құрманғазы және Молдағұлова көшелерінің қиылысында жолдың дәл ортасына отырып алып, көлік жүргізушілеріне кедергі келтірген.

WhatsApp Image 2023-08-21 at 11.37.19

Фото видеодан кадр

Әйелдің 1980 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені анықталды.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, өрескел құқық бұзушылық жасаған әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігіне (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.

Әйел ішімдік ішкен күйде болғаны белгілі болды. Кейін Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале