31.01.2023, 16:31
Оқылды: 96

Оралда 1 ақпаннан бастап тұрғын үй сертификаттарын алуға өтінім қабылдау басталады

Биыл қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын беруге 100 миллион теңге бөлінген. Тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша екінші деңгейлі банктен өтініші қанағаттандырылған азаматтар ие болады.

1552556479_article_b

Фото дереккөзі: Egemen.kz 

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй сертификаты әлеуметтік қолдау бағытында қайтарымды негізде 1,5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі.

Тұрғын үй сертификаттарын алушыларға төменде көрсетілген санаттар жатады:

1) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3)Толық емес отбасылар;

4) Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

5) Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6) Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін қажетті мамандар.

Бұл сертификатты алу үшін кезекте тұрған азаматтар алдымен төлем қабілеттілігін растауы тиіс. «Отбасы банктің» тексерісінен өтіп, банк тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған соң, қажетті құжаттар мен өтінішті тиісті бөлімге тапсырады.

Сертификат алуға қажетті құжаттар тізімі:

- өтініш;

- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

- соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама;

- жұмыс орнынан анықтама; (әлеуметтік осал топтарды қоспағанда)

- банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат.
 
Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемына мақұлдау алған және табысы бойынша талапқа сәйкес келетін азаматтарға беріледі.

2023 жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғын үй сертификатын алушы үміткер құжаттарды «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Аманжолов көшесі, 69/1-үй, 3-кабинетте дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-18.30 аралағында) тапсыра алады.

@zhaikpress_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале