20.12.2023, 16:15
Оқылды: 125

Оралда 14 отбасы үйлі болды

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғын үй кезегінде тұрған 14 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Ал қала бойынша тұрғын үй кезегінде 22 мыңнан астам адам тұр.

d715201c-4e4e-412c-81e5-5c718c7f4a11

- Оралда 2021 жылдан бері тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан жоқ. Біз тек жеке кәсіпкерлерден тікелей пәтерлерді сатып алып соны үй кезегінде тұрғандарға сатып алу құқығынсыз береміз. Бүгінгі таңда Орал қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне 25 пәтер сатып алдық, - деді Орал қалалық ТҮКШ Тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Әлихан Мыңжасаров.

69f11af8-7b11-40a6-92e9-5f68735ac107

Бүгін пәтер алғандар қатарында көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен жетімдер бар.

20231220002410_IMG_7222

Салтанатты кеште қала әкімі үйлі болған отбасыларға құтты болсын айтты.

20231220002347_IMG_7220

- Біз алдағы жылы 150 үй беруді жоспарлап отырмыз. Егер жылда осындай қарқынмен жұмыс істесек үй кезегі біраз жылжиды деген үмітіміз бар. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! - деді қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы.

Жанат Көшкінбай,

Фотоға түсірген: Диас Закбаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале