24.06.2022, 11:14
Оқылды: 196

Оралда 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Оралда 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың арасында бес қабатты емхана, медициналық орталық, спорт кешені, кірпіш зауыты, тіпті мәдениет және демалыс саябағындағы аттракцион да бар. Барлық жобалардың жалпы құны – 27 миллиард теңге.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.53.38

Тұрғындармен кездесуде қала әкімі Миржан Сатқанов Оралға тартылатын инвестицияларға қысқаша тоқталды. Әлеуметтік саладағы жобалардың ең ауқымдысы медициналық мекемелердің, кірпіш зауытының және аттракционның құрылысы болмақ.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 10.53.38 (1)

– Орал қаласының дамуындағы маңызды аспектілердің бірі – бизнес үшін қолайлы орта құру. Біздің қаламыздың ерекшеліктерінің бірі –географиялық орналасуы, біз мұны тиімді пайдалануымыз қажет. Қазіргі уақытта қалада 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Біз басқа да кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа дайынбыз. Өз тарапымыздан олардың жобаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай ұсынамыз, –деді М.Сатқанов.

Айта кету керек, қазір жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардан болашақта 1303 жаңа жұмыс орны ашылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале