27.07.2023, 14:30
Оқылды: 70

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП Полиция (2)

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

«Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале