21.06.2024, 15:31
Оқылды: 130

Оралда абаттандыру қарқынды жүріп жатыр – қала әкімдігі

Қала аумағында 537 аула бар. Соңғы 3 жылда 61 аула абаттандырылды. 2023 жылы «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 47 аула аумақтарына абаттандыру жұмысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Биыл 25 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Қазір аталған бағытта жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

8DCC8307-CD9C-4FB5-8E90-97FE3F37D9EB

Сурет: zhaikpress.kz

Деркөл кентіне қарасты Ынтымақ ауылында кешенді балалар және спорт алаңы салынуда. Аумағы 2600 шаршы метр болатын кешенде футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, воркаут аймақ, авто,- және велотұрақ қарастырылған.

Сонымен қатар қала аумағындағы бірнеше скверлердің өрнектастарын ауыстыру, жерасты өткелдерінің қасбетін қалпына келтіру, аялдамаларды жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Орал қаласында 57 тынымбақ мен алаңның 35-і абаттандырылған. Өткен жылы 3 скверді абаттандыру жұмысы басталды. №44 мектеп алаңының аймағын абаттандыру аяқталса, қазір М.Өтемісов атындағы БҚМУ алдындағы арбаттың және Орал-Саратов тас жолы бойында демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар тағы алты сквердің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале