27.06.2023, 10:15
Оқылды: 13

Оралда Айт намазы таңғы сағат 6:30-да оқылады

Маусым айының 28-і және 29-30-ы күндері – құрбан айт мерекесі. Осыған орай құрбандық  малы  облыс  орталығындағы  «Ел ырысы», «Батыс адал  ет», «Кублей» мал соятын орындарында шалынады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында  өткен  брифингте облыстың бас имамы  Самат  Қанатқалиұлы мәлімдеді. 

самат канаткалиулы2

Бас имамның айтуынша, айт намазы өңірде жергілікті уақытпен таңғы сағат  6:30-да оқылады.

– Құрбан шалу рәсімдерін өткізу үшін QURBAN-2023 сайты іске қосылды.  Бұл онлайн және офлайн форматта жүргізілуде. Мұқтаж адамдар осы көрсетілген сайт арқылы немесе мешітке келіп тіркеле алады. Одан бөлек біз құрбан айт кезінде кәсіпкерлерге мал сататын орындарда бағаны өсірмеуді үндеудеміз, – деді Самат Қанатқалиұлы.

Құрбандық малы жоғарыда атап өткендей, арнайы бекітілген орындарда  шалынады.

Құрбан айт намазынан кейін мешіт ауласында ұлттық әрі спорттық ойындар ұйымдастырылады. Айт намазына келген 500 адамға арналып  дастарқан жайылмақ.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале