"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, "құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, "санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы" Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2-БМСДҚ қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ келесідей мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін қоғамдық көліктер жұмысы келесі жексенбі күндері: ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 7 ақпаны күні тоқтатылсын.
2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М. Арыспаев,
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері
16:2019.02.2022
"Көк" статусты адамдар үшін кейбір шектеулер алынды
17:4510.02.2022
Қазақстан мектептеріндегі шектеулерді алып тастау: жаңа қаулы шықты
12:3027.01.2022
Мемлекет жалға алынған баспана құнының 50% өтеп береді - министрлік шарттарын әзірледі
16:3023.01.2022
Алматыда карантин шаралары күшейтілді