28.09.2023, 10:45
Оқылды: 83

Оралда Аналар кеңесінің форумы басталды

Дәл қазір шаһардағы «Достық» үйінде Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы өтіп жатыр.

894b9d5d-7f57-4ed0-8f7d-1dc32b81acff

Оған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи және өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, психологтар, қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысуда.

35901575-692d-43a8-bd68-7654feace973

Форум аясында рухани-адамгершілік тәрбие бағыты талқыланып, өңірлік Аналар кеңестерінің қызметі өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жиынның практика бөлімінде отырысқа қатысушылар өңірдегі көпбалалы аналармен кездеседі.

Айта өтейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі қызметін 2013 жылы бастаған.

Қазіргі уақытта елдің барлық өңірінде 1 712 Аналар кеңесі жұмыс істейді.

Оның 178-і аудан және 1 302-і ауылдық жерлерде орналасқан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале