14.09.2021, 14:26
Оқылды: 220

Оралда әскери отбасылар арасында спорттық сайыс өтті

Орал шаһарында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде әскери отбасылар арасында «Әкем, анам және мен – біз тату отбасымыз» атты спорттық сайыс өткізілді.

 IMG-20210912-WA0052

Айтулы сайысқа әскери отбасылардың 6 команда өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, Кеңесов Құралбектің отбасы «Болашақ» командасы, Дузбатиров Хамиттың отбасы «Стрела» командасы, Ажгалиев Жеңістің отбасы «Ажгалиевтер» командасы, Нығметолла Ақсұлтанның отбасы «Барыс» командасы, Жаргалиев Сырымның отбасы «Сұңқар» командасы, Хамидуллин Ринаттың отбасы «Қыран» командалары қатысып, жарысқа жалпы саны 24 сайыскер сынға түсті.

Жалпы 7 кезеннен тұраған сайыста бағын сынаушылар үлкен белсенділік пен қызығушылық танытты. Әсіресе, спорттық сайысқа қатысушыларды қолдауға сарбаздар қолдау плакаттарын алып келіп, өз роталарының қатысушыларына қолдау көрсетіп, залда спортқа деген құмарлық пен позитивті шулы ахуал орнады.

IMG-20210912-WA0057

Сайыстың барлық кезеңі тартысты өтіп, өз ата-аналарымен бірге ойнап, спорттық жарысқа қатысқан бүлдіршіндердің бал-бұл жанған жүздерінен отбасылық бақыттың, қуанышты лебі есіп тұрды.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің топ аттары мен ұрандарын, отбасылық ұстанымдарын айтты. Сондай-ақ, таныстыру барысында ерекше көзге түскен Ажығалиевтер отбасының отағасы Жеңіс өзінің отбасын домбырада арнау өлең шумақтарымен айтып таныстырып, әсем әнімен көркемдеді.

Сонымен қоса «Дені саудың – жаны сау» кезеңінде отбасы мүшелері спортпен айналысатындықтарын көрсетіп, «Білімділік» кезеңінде қазақтың тарихын, мәдениетін қаншалықты білетіндіктерін танытты, ертегілер мен мультфильмдер әлеміне де саяхат жасап қайтты.

IMG-20210912-WA0046

Жарыс барысында сайыскерлерді бағалап, әділ бағасын беруге әділ қазылар алқасы тағайындалды. Атап айтатын болсақ, 5517 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық бөлімшесінің бастығы капитан Айдаргалиев Әсет, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді меңгеру жөніндегі аға көмекшісі, майор Алмагүл Жұмабекова және бөлімнің әйелдер кеңесінің төрайымы, сержант Асел Балғымбаева қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша әрбір отбасы аталымдар бойынша жеңімпаз атанып, ынталандыру сыйлығымен Р.Хамидулин, Х.Дузбатиров, Қ.Кеңесов отбасылары марапатталды.

Ал жүлделі 3 орынды Ж.Ажгалиевтер отбасы, 2 орынды С.Жаргалиевтер отбасы, жүзден жүйрік шығып, тапқырлығымен 1 орынды 1 атқыштар ротасынан қатысқан А.Нығметолланың отбасы иеленді.

Жарыс соңында конкурсқа қатысушылар өздерінің жылы лебіздерімен бөлісіп, олар ең бастысы спортқа деген ынталары ашылып, ерекше көңіл-күйде болғандарын және отбасымен бірге алтынға бергісіз уақыт өткізгендерін тілге тиек етті .

Әубакир Ертуған,

капитан

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале