24.04.2023, 16:15
Оқылды: 72

Оралда әскерилер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау өтті

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде, майор Алмагүл Жұмабекованың ұйымдастыруымен  өзге ұлт өкілдері арасында  «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау бірінші кезеңі өтті.   

f1a2e463-5c9a-4155-9f5f-5933aa0f5750

Сайыстың мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, тілге құрметті арттыру, қазақ тілін жетік үйренуге ынталандыру, әскери қызметшілерге мемлекеттік тілді меңгертудің оң тәжірбиесін тарату болды. Аталған сайыс Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл сайыста тіл тақырыбын ғана емес, тарихты, салт-дәстүрді насихаттайды.

Байқауға бөлім әскери қызметшілерінің өзге ұлт өкілдері қатысып, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, білімдерін көрсетті. Сайыс үш айналымнан тұрды «Бастау», «Өрлеу», «Баяндау» сынды сайыс кезеңдерінде қатысушылар өздерін таныстырып, түрлі тақырып бойынша мақал-мәтел айтып, көркемсөз оқып, көрініс қойып мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті.

8af1d23f-b057-4f64-acd9-cfe3b18b1b4e

Байқауға қатысушылардың әділ бағаларын беру үшін қазылар алқасы тағайындалды. Олардың құрамында бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының аға офицері (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) капитан Артур Ажикенов, 5517 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының  мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі майор Алмагүл Жұмабекова, 5517 әскери бөлімінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы сержант Бибігүл Әлжанова конкурсқа қатысқан әскери қызметшілерге қазылық етіп, және мемлекеттік тілдің дамуына үлестерін қосып жүргендері үшін ризашылықтарын білдірді.

e9dcf355-8f42-4dfa-93fe-70b0edea1d3b

Байқау қортындысы бойынша капитан Андрей Сергеевич Логунов үздік атанып, Ақтөбе қаласында өтетін сайыстың екінші кезеңіне жолдама алды.

574c45d5-3219-4cc3-b5f1-ad63a9469e4e

 Айта кетейік, осы байқаудың жеңімпаз жүлдегері мамыр айында Ақтөбе қаласында өтетін «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқауының екінші кезеңіне қатысады.

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале