Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Оралда әскерилер дін өкілдерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Ұлттық Ұланның 5517 әскери бөлімнің офицерлері мен келісімшарт әскери қызметшілеріне "Жаңа Қазақстандағы діннің рөлі" тақырыбында ақпарат сағат өткізілді.

C53D811B-3B0C-4DA6-BAC3-D73AE66D64A1 Осындай іс-шараны өткізуге Батыс Қазақстан облысының  дін істері басқармасының діни бірлестіктерімен жұмыс бөлімі бастығы Қаратай Азат Айболатұлы келіп тақырыпты кеңінен ашып, дін мәселесіндегі қазіргі кездегі өзекті бөлігін қозғады. Кездесу барысында дін маманы діни қызмет және дін бірлестіктері туралы заңды әскерилерге жеткізіп, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер зауалын айтып берді. Сөз барысында дінді біліммен танымаудың түбі – қасіретке, білімсіздік – бүлікке, бүлік – бөлінуге әкеп соғатын айтты. Кездесу барысында әскерилер дін маманына өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

8289CCED-B130-43E7-A095-2F230ED50493 Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Жүректерінде жалыны, бойларында намыс, батырлық күші бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, нұр үстіне нұр болар еді.  Ата-бабамыз ұстанған мейірімді ислам дінін дұрыс түсініп, жүрегімізде жылулық сақтап, адамгершілік бейнемізді қолдан келгенше жоғалтпауға тырысуымыз қажет.

 Алмагүл Жұмабекова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале