26.04.2021, 20:32
Оқылды: 222

Оралда «Аталар сөзі – тәрбие көзі» онлайн сайысы өтті

«Рамазан – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Ислам дінінің осындай мызғымас рухани құндылықтары мен жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

а3

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздігімізді ұлықтау мен айлардың сұлтаны Рамазан айы аясында ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде дұға білуді насихаттау мақсатында «Аталар сөзі – тәрбие көзі» жұптық онлайн сайысы өтті.

а1

Аталмыш сайысқа орталық мешіттің наиб имамы Бақытжан Сабралиев, “Ардагер” клубы жанындағы көпбалалы, көпұлтты, халықтық “Ару аналар” вокалдық тобының жетекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі, “Алтын алқа” иегері, үкіметтік емес ұйымдар қоғамының мүшесі Мәншүк Ермұханова, халықтық "Ағалар әуені" вокалдық тобының мүшесі Ерболат Байрамов қазылық етті. Сайыстың ережесі бойынша қатысушылар бейнеролик арқылы ел есіндегі баталар (тарихта есімі сақталған тұлғалардың баталарын нақышына келтіре айту), ұлттық салт-дәстүрлердің біреуіне арнап, өзінің батасын беру (бесікке салу, нәрестеге, жас келінге, жас жұбайларға, жаңа қонысқа және т.б.) және дұға айтудан отбасындағы ата-әжесімен немересі жұп болып қатысты.

а4

Сайыс қорытындысында бас жүлдені Ахмет Батыршин (Сырым ауданы) жеңіп алса, I орынды Ахмет Жексен Тлеу (Орал қаласы), II орынды Айтқали Айтқали Қаженов немересі Ақбота Айтқали (Орал қаласы), III орынды Сүлеймен Мектеп немересі Осман Сүлеймен (Орал қаласы) иеленді. Сонымен қатар сайыстың арнайы жүлдесі Садыр Жандетов немересі Назира Қайыржановаға табысталса, ынталандыру сыйлығы Қайырбай Нұрханов немересі Көркем Өрленқызына берілді.

а5

Сайысқа қала орталығымен қатар Ақсай, Теректі, Казталов, Сырым аудандарынан қатысқан аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз даналықтың, парасаттылықтың өнегесін көрсеткенін атап өтуге болады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале