25.07.2017, 18:26
Оқылды: 69

Оралда балаларды жүзуге үйрететін жағажай ашылды

Oralda balalardi jyzuge     БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы аумағында балаларды жүзуге үйрететін жағажай ашылды.

   БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында балаларды жүзуге үйрететін жағажайдың қажеттігі туралы мәселе өткен жылы облыс әкімдігінде көтерілген болатын. Өңір басшысының қолдауымен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аталған жоба қолға алынды.


    Жағажайдың ашылу рәсіміне «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінен 37 бала қатысып, жүзу дағдыларын бірден үйрене бастады. Оларға жедел құтқару жасағы суда құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеев суда өздерін қалай ұстау керектігін, қиын жағдайға ұшырағандарға қолұшын беру, жүзу құралдарын пайдалану жолдарын түсіндірді.

      Енді осылайша әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері балалар кестеге сәйкес жүзуге үйренетін болады.

     Айта кетейік, биылдың өзінде жүзу білмегендіктен, 16 және 17 жастағы екі қыз бала және 17 жасар бозбала суға кеткен болатын. Оған қоса 12 адам құтқарылса, соның бесеуі - балалар.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале