23.10.2024, 15:45
Оқылды: 230

Оралда белгісіз жыртқыш 100-ге жуық қойды қырып тастады. Оқиға қалай болған?

Орал қаласында белгісіз жыртқыш 100-ге жуық қойды қырып тастады. Оқиға 19 қазанда түнгі 03:00-де болған.

a15b5419-73db-40be-908e-20eee476b029

Есенгелді Айтмұхамбетов – Зашаған кентінде 150 бас қой бағып отырған шаруа. 24 жылға жуық баққан малымнан бір түнде айырылдым деп қамығады қала тұрғыны.

Бір түнде 100-ге жуық қойды қандай жыртқыш қырып кеткені белгісіз. Түнде тарсылдаған дыбыстан оянған малшы ештеңе көріп үлгермеген. Ертеңгісін ауладан жалпақ үлкен іздерді байқаған. Мал иесі оқиғаны қаңғыбас иттерден көреді. Қойға қасқыр шапқан болуы мүмкін бе деген сұрағымызға ол бәрі мүмкін ғой деп жауап берді.

00d8774d-1199-4ea6-abfd-6db17ca06097

– Қойлардың бәрінің де тамағын тіліп кеткен. Сонымен бірге өкпесін суырып алған. Маған осы жағы түсініксіз болып тұр. Неге өкпесін суырып алғаны белгісіз? Қасқыр да болуы мүмкін, бірақ мен өзім бұралқы иттерден көремін. Оқиға орнында әкімдік өкілдері мен полиция жұмыс істеді. Бұл менің өмір бойына өсірген малым ғой. Осы шаруашылықпен бала-шағамды асырап отырмын. Былайша айтқанда 50 шақты адамның асы еді. Енді кімге барып, кімнен қалай көмек сұрарымды білмеймін, - дейді бізбен сұқбатасқан Есенгелді аға.

380ac61d-9a3f-4202-aefa-6b9d3fa8af61

Біз Зашаған кенті әкімдігіне хабарластық. Кент әкімінің орынбасары Нұрболат Абайұлы келтірілген шығынды өтеу мәселесімен біз айналыспаймыз деп қысқа жауап берді.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале