3.08.2022, 12:30
Оқылды: 95

Оралда бірінші сыныпқа 7000-ға жуық бүлдіршін қабылданды

2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталды. Орал қаласы бойынша 1 сыныпқа 6936 оқушы қабылданып отыр. Бұл өткен жылғы балалар санынан 600 балғынға көп.

2022 жыл 1 сынып - 2 мектеп

Ата-аналардың және заңды өкілдерінің өтінішіне сәйкес, қабылданған оқушылардың  65 пайызы, яғни 4484 бала қазақ сыныптарында, 2452 бүлдіршін орыс сыныптарында білім алатын болады.

2022 жыл 1 сынып - 36 мектеп

Қазіргі уақытта барлық қала мектептерінде «Балақайлар мектебі» жұмысын бастады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балғындарға арналған дайындық курсының мақсаты – балаларды мектеп өміріне бейімдеу. «Балақай мектебі» көмегімен бала ойын түрінде негізгі дағдыларды игеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Мұндағы сабақтар жадыны, моториканы дамытуға және сөйлеуді, жазуды, сурет салуды үйретуге бағытталады.

Орал қаласы білім беру

бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале