Орал қаласында бірқатар дүкен ұрлығына күдікті екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сурет: Polisia.kz
Орал қаласында полиция қызметкерлері дүкендерден жасалған бірқатар ұрлық деректеріне күдікті екі азаматты ұстады. Анықталғандай, күдіктілер түнгі уақытта сауда нысандарына заңсыз кіріп, ақшалай қаражатты, азық-түлік өнімдерін және өзге де тауар-материалдық құндылықтарды жымқырған. Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.