29.08.2026, 19:50
Оқылды: 2

Оралда дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды: БҚО қоржынында екі медаль бар

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

IMG-20260829-WA0069

Дүбірлі додаға еліміздің мегаполистері мен 17 өңірінен 600-ге жуық балуан қатысуда.

​Алғашқы жарыс күнінде төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталып, Батыс Қазақстан облысының құрамасы 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

IMG-20260829-WA0066

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта БҚО өкілі Нұрсұлтан Зайзағалиев финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды (алтын — Нұрдәулет Бозша, Қызылорда облысы). Ал әйелдер арасында 52 келіде белдескен жерлесіміз Айшабибі Мурадимова қола медальді қанжығасына байлады (алтын — Аружан Ережепова, Алматы облысы).

IMG-20260829-WA0074

​Сонымен қатар 48 келіде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (Алматы облысы), ал ерлер арасында 60 келіде Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы) ел чемпионы атанды. Жарыс алдағы күндері де жалғасып, ұлттық құрамаға енетін үздіктер анықталмақ.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале