19.11.2021, 22:05
Оқылды: 255

Оралда дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Орал қаласындағы Теннис орталығында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өңір басшысы сөз сөйлеп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшыларға сәттілік тіледі.

C3F65171-E4DE-4DFF-AF7D-807B7DD9C933

Іс-шараға ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Бостан Жаңбырбаев, ҚР дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев, дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев, дзюдодан жазғы олимпиада ойындарының екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спортшы Елдос Сметов және облыстық дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев қатысты.

00CDBFB6-9150-4E0D-B0BC-44738F7CFB25

 

Бостан Жаңбырбаев Батыс Қазақстан облысында дзюдоның дамуына үлес қосқаны үшін өңір басшысына алғыс хат табыстады. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Тілегенов мерейлі 75 жасқа толуына орай ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан дзюдо федерациясының құттықтау хатына ие болды.

09E1AB13-FD2B-41B0-8E33-CA17C1995646

 

2021 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері атағы берілді және оған Орал қаласында орналасқан «Kudokan Spirit» дзюдо орталығының директоры Ғайса Жұмағалиев ақшалай жүлде тапсырды. Ғұсман Қырғызбаевтың жеке жаттықтырушысы Ермек Насиев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.

9F04055C-3792-47CE-9CF4-345746FFC664

Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті Ержан Зайдинов 2021 жылы Ольбия қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Довлатовты ақшалай сыйлықпен марапаттады. Ел мақтанышы Елдос Сметов дзюдошы ретінде кәсіби спорт мансабын аяқтайтынын мәлімдеген Елдос Жұмақановқа, олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, өзінің бірінші бапкері Ахмет Жұмағұлға, сондай-ақ жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке ақшалай сыйлық табыстады.

C0DC05D6-6D81-4CCB-9A1B-732A9F1E508B

 

Бұл чемпионатта еліміздің барлық өңірінен облыстық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанған, кәсіби іскерлігі мен біліктілігін дәлелдеген дзюдошылар бақ сынады. Өз салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырынан көрінген палуандар Елдос Сметовтың арнайы ақшалай жүлдесіне ие болды.

1E701D53-4499-4477-BB4E-D9B8F39E6825

 

Дзюдо – дүниежүзілік рейтингі жоғары олимпиадалық жекпе-жек түрінің бірі. Дзюдодан халықаралық сайыстарда отандық палуандар жетістікке жетіп жүр.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале