30.08.2026, 16:45
Оқылды: 491

Оралда дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваға пәтер кілті табысталды

Оралда дзюдодан ел чемпионатының ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев кадеттер арасындағы әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

IMG-20260830-WA0879_edit_94045278687197

​16 жастағы спортшы Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем біріншілігінде 52 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетіп, Қазақстан тарихында әйелдер арасында дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді.

Өңір басшысы бұл марапат жас чемпионның ел спортына қосқан үлесіне берілген лайықты баға екенін атап өтіп, алдағы уақытта да қолдау жалғасатынын білдірді.

​Еске сала кетейік, Орал қаласында 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысуда.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале