23.08.2020, 23:11
Оқылды: 112

Оралда экологиялық акция ұйымдастырылды

Орал қаласында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, оған қала  тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен волонтерлар қатысты.

C4D8308C-F7CF-42E3-A7DA-73C39BC4B46B

Жыл сайын өтетін дәстүрлі сенбілік барысында Чапаев бөгетінен Металист зауыты маңындағы жағажайға дейінгі аралық, Металист зауыты маңындағы жағажайдан сорғы стансасына дейін, автокөлік көпірінен 8 мектеп ауданына дейін, Стелла маңы жағажайынан  Ескі шіркеу аумағына дейін, Ескі шіркеу маңынан Хан тоғайына дейін, жалпы Шаған, Жайық, Деркөл өзендерінің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

IMG-20200822-WA0001

- Сенбілікке отбасымызбен келдік. Әзірбайжан көшесінен қалалық мәдени тынығу саябағына дейінгі жолды тазалай бастадық. Байқасаңыз, 10 минут өтпей жатып, тұрғындардың тастап кеткен тұрмыстық қалдықтары бір қапқа толды. Мұнда пластик, әйнек құтылар, пакеттер, бір реттік ыдыстар толып жатыр. Қазір қаланың тазалығына Uralsk Runner және  Kettik.bro  волонтерлік ұйымдардың жастары ден қойып, әлеуметтік желіде жақсы бастамалар бастап жүр. Олар тұрмыстық қалдықтарды  сұрыптап, оларды тиісті жерлерге тапсырып, ақша жасауда. Тіпті сол ақшаны қайырымдылыққа жұмсап жүргендері де бар, - деді облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале