30.11.2023, 15:00
Оқылды: 74

Оралда фитолаборатория анықталды

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қалалық ПБ қызметкерлері фитолабораторияны анықтады.

 61b2bb4c-77a3-4c53-b7b2-a921257fef25

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қаласының 36 жастағы тұрғыны саяжай қоғамдарында жалға берілетін коттедждердің бірінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіретін фитолаборатория жасақтаған.

Тінту кезінде жеті түп қарасора өсімдігі, бес дана полиэтилен пакеті, арнайы иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған пластика ыдыстары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған электр жабдықтары мен тыңайтқыштар, газ шығару жүйесі мен зип-пакеттер, изолента, электронды таразы тәркіленген.

8190ca65-5ac1-4d97-9e4f-9b9bb70f245c

Бүгін шыққан сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар кептірілген марихуана (298,21 грамм) және қарасора (235,62 грамм) екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале