6.12.2023, 11:00
Оқылды: 15

Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті

Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

5869c10d-9285-463c-992c-68c2cb96b01e

 Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат 21.50-де болған.

f1eb51c8-43af-486e-a906-479656614c31

«Н.Чесноков көшесі бойында гараж отқа оранды. Жалын 80 шаршы метрді шарпыды. Гараждың ішінде шағын автобус болған. Зардап шеккендер жоқ.  Өртті сөндіруге 14 адам және 4 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.40-та оқшауланды. Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы, зерттеу-сынау өртке қарсы зертханасы мамандары барды», - делінген департаменттің хабарламасында.

5147898e-9f40-4c6a-84ff-25e05b7a56c2

Фото БҚО ТЖ департаментінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале