26.09.2022, 14:30
Оқылды: 218

Оралда І республикалық моноспектакльдер фестивалі аяқталды

23 қыркүйек күні Орал қаласында тұңғыш рет І республикалық моноспектакльдер фестивалі басталған еді. 

хадиша фестиваль (4)

Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл және Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының 30 жылдығы аясында  ұйымдастырылған фестиваль барша батысқазақстандықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Өнер аламанына қатысушы театр ұжымдары мен әртістердің кәсіби шеберліктерін қазылар алқасының мүшелері Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов, театртанушы, өнертану магистрі Айзат Қадыралиева, жазушы-драматург, сценарист Қолғанат Мұрат, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Сердеш Қажымұратов, «Парасат» орденінің иегері, актриса, режиссер Нұрлыгүл Жұбатовалар сарапқа салды.

Тұңғыш рет өткен фестивальге Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтөбе қалаларындағы театр ұжымдары қатысты.

хадиша фестиваль (2)

Фестиваль қорытындысында «Үздік сценография» аталымымен У.Шекспирдің «Король лир» (реж. Әділет Ақанов) трагедиясын ұсынған Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Үздік әйел адам бейнесі» аталымымен Ж.Ануйдың «Медея» трагедиясында (реж. Қуандық Қасымов) Медеяны сомдаған Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актрисасы Бақыткүл Қожамұратова, «Үздік ер адам бейнесі» аталымымен У.Шекспирдің «Гамлетінде» (реж. Мейрам Хабибуллин) Гамлетті сомдаған Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актеры Бағдат Телеуғалиев, «Үздік режиссура» аталымымен режиссер Айдын Салбан, Ш.Айтматовтың «Ана мен Ала» драмасын сахналаған Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры иеленсе, «Театрдың 30 жылдығының арнайы жүлдесі» Ш.Айтматовтың «Ізде» сюрреализмін ел назарына ұсынған (реж. Гаухар Адай) Абай облысы Семей қаласының «Дариға-ай» жастар театрына табысталды.
Қазылар алқасының шешімімен Гран-При сыйлығы тағайындалған жоқ.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

хадиша фестиваль (1)

хадиша фестиваль (3)

хадиша фестиваль (5)

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық

қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале