27.11.2026, 15:15
Оқылды: 23

Оралда «Қазақ тілін ғылым және IT технологиялар тіліне айналдыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін ғылым және IT технологиялар тіліне айналдыру – мемлекеттік тіл саясатын дамытудың маңызды стратегиялық бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

d20bab21174cf97201d1ab195adf8f41fc5ba6d46e188347876015270d622004_1280x720

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмалар мен стратегиялық міндеттерді талқылау, қазақ тілінің ғылым, білім және ақпараттық технологиялар салаларындағы қолданыс аясын кеңейту мәселелерін қарастыру.

f05fb993e00dc09452bdcd8908898890a58f069b2cd6b41400fe13619c44d0e5_1280x720

Дөңгелек үстелге облыстық басқарма басшысының орынбасары Тілек Габдушев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Айдарбек Ақболатов, тіл саласының мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, IT саласының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілдің ғылыми және цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту, осы бағыттағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале