3.12.2022, 13:13
Оқылды: 110

Оралдa көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды

Кеше Зашаған кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесі 108/5 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдe жылу беру тоқтатылып, тұрғындар жылусыз қалды.

45FF7CC0-82D3-4BD5-8360-C78880F8828D

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған үйді күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысатын «Сити 07» ЖК қосымша көтергіш сорғыны айырған, салдарынан кейбір пәтерлерге жылу тиісті деңгейде жетпеген.

Қазіргі уақытта қосымша көтергіш сорғы іске қосылды. «Сити 07» ЖК жылу беруді қалпына келтіру мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.

• М.Мөңкеұлы көшесіндегі 108/5 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде 180 пәтер бар. Аталған үй 2019 жылы пайдалануға берілді.

2022 жылы басқару нысаны ретінде меншік иелері бірлестігі құрылып, үйдің күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу үшін «Сити 07» ЖК сервистік ұйымымен келісімшартқа отырған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале