20.10.2023, 14:45
Оқылды: 2404

Оралда көшеде тоғыз жастағы баланы тонап кеткен

18 қазан күні 9 жастағы жасөспірім үйіне келіп, ұялы телефонының жоғалғанын айтып, болған жағдайды әкесіне баяндап береді.

WhatsApp Image 2023-10-20 at 11.11.52

Одан әрі әкесі мен баласы полицияға жүгінеді.

Әңгіме барысында бала аулаға бейтаныс ер адам келіп, оның көзін басып, ойнағандай сыңай танытып, кейін кетіп қалғанын айтады. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім ер адамның түр-тұлғасын сипаттап берген.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының ПБ Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері орнатылған бейнекамералар арқылы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Оның 1986 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Одан кәмелетке толмаған оқушының ұялы телефоны тәркіленді.

Күдікті Оралдағы ПБ УҰИ-ға қамауға алынған.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі  (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале