24.01.2024, 15:45
Оқылды: 552

Оралда құбыр жарылды. Су бүгін қосыла ма?

Бүгін таңғы тоғызға жақын Оралдағы Ықсанов пен Кердері көшелерінің қиылысында салқын сумен жабдықтайтын диаметрі 400 миллиметр болатын жерасты құбыры жарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Су сору ЖП

Салдарынан 15 көппәтерлі тұрғын үй, дәлірек айтсақ: Әбубәкір Кердері көшесіндегі нөмірі 127/1, 127,125/1, 125, 121, 104, 106/1, 112, 120, 127 үйлер, Сарайшық көшесіндегі 79/1, Лев Толстой көшесінде орналасқан 72 ,91 және Мұхит көшесіндегі 67/1, 57/1 нөмірлі үйлері салқын сусыз қалды. Тіршілік нәрінсіз қалған абонент саны - 650.

Көшеге жайылып, көліктердің жүруіне, жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне кедергі келтірген келеңсіздік салдарын жою үшін «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 20 қызметкері мен 8 арнайы көлігі жұмылдырылды.

Су сору ЖП

Көшеге жайылған суды сорып, апат болған жерді анықтаған қызметкерлер түс ауа суды тоқтатты. Аталған мәселе бойынша журналистерге арнайы сұхбат берген «Батыс су арнасы» ЖШС-ның басшысы Ануар Аркенов кешкі сегіз-тоғызға дейін балық пәтерге су берілетінін айтты.

330bd33d-1673-4831-b049-7aa0105f4431

- Апат Әбубәкір Кердері көшесіндегі №122 үй маңында болған. Қазіргі таңда оқиға орнында жұмыстанған авариялық бригада жарылған құбырды судан ажыратты. Мұндай келеңсіздік су беретін құбырлардың ескіруінен болады. Өйткені 1975 жылы салынған құбыр содан бері бір рет те жөнделмеген, - деді «Батыс су арнасы» ЖШС Ануар Аркенов.

Қазіргі таңда арнайы бригада су жайылған жол бетін мұздан тазартып жатыр. Мамандар шамамен 800 текше метр су шығарылғанын айтты.

Су сору ЖП

- Бригада құбырдың жарылған жерін тапқан соң оны қалпына келтіреді. Пәтер иелері кооперативтерінің сұранысы бойынша үйлерге су жеткізілді. Алдағы уақытта апат болған құбыр күрделі жөнделеді. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша жөндеуге қажетті қаражат пен материалдардың құны есептеледі, - деді А. Аркенов.

Айта кетейік, қаладағы 477 шақырым болатын су құбырларының 60 пайызы ескірген.

Ануар Аркенов былтыр қала аумағында 5 шақырым 214 метр су құбыры ауыстырылғанын жеткізді. Жыл сайын құбыр жаңартуға бөлінетін қаражат қазіргі күйінде қалатын болса, облыс орталығындағы барлық құбырды жаңарту үшін 5 жылдай уақыт керек екен.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале