6.09.2021, 15:06
Оқылды: 208

Оралда күйші құрметіне республикалық конкурс өтпек

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 10-11 қыркүйек күндері Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтың туғанына 70 жыл толуына арналған Тұяқберді Шәмелов атындағы I республикалық әншілер мен домбырашылар арасындағы конкурсы өтеді.

 555

Конкурстың мақсаттары мен міндеттері – төл аспабымыз домбыраға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру, еліміздің түкпір-түкпіріндегі домбырашылардың репертуарын күйлерімен толықтыру. Соның ішінде Т.Шәмеловтың шығармашылығын келер ұрпаққа жалғастыру, елдің рухын биіктетіп, әндері мен күйлерін халыққа кеңінен насихаттап, жас талантты орындаушылардың  жаңа есімдерін ашу болып табылады.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониядан келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, 10 қыркүйек күні сағат 9.30-да конкурстың ашылу салтанаты және жебере суыру рәсімі өтетін болса, сағат 10.00-де конкурстың I кезеңі (күй жанры және ән жанры бойынша) өтеді.

Ал 11 қыркүйек күні сағат 09.00-де конкурстың IІ кезеңі (күй жанры және ән жанры бойынша) жалғаспақ. Дүбірлі дода Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында сағат 17.00-де марапаттау рәсімі мен гала-концертпен аяқталмақ.

        

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале