1.08.2026, 11:30
Оқылды: 42

Оралда күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында күрделі жөндеуден өткен Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды.

IMG-20260801-WA0021

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» өкілдері, сала ардагерлері мен тұрғындар қатысты.

IMG-20260801-WA0018

​Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту тапсырмасы аясында өңірдегі 4 вокзал қайта жаңартылды. Шыңғырлау мен Тасқалада вокзалдар қайта салынса, Орал мен Ақсайдағы нысандар жаңғыртудан өтті. Бұл мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттен 7,6 млрд теңге жұмсалды.

IMG-20260801-WA0019

​Жаңарған Орал вокзалында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 4 эскалатор, 3 жеделсаты, заманауи конкорстық өткел салынды, сондай-ақ ана мен бала, қонақүй бөлмелері және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған инфрақұрылым қарастырылды. Барлық инженерлік желілер жаңартылып, сара аумағы абаттандырылды. Вокзал тәулігіне 1800 жолаушы мен 7 жұп пойызға қызмет көрсете алады.

IMG-20260801-WA0020

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале