17.03.2023, 16:00
Оқылды: 490

Оралда Наурыз мерекесіне арналған күй тарту акциясы өтті

Бүгін қалалық білім беру ұйымдарында Наурыз мерекесіне арналған күй шерту ұйымдастырылды. Республикалық акция аясында ұйымдастырылған челленджге оқушылар мен педагогтер және ата-аналар үн қосты. Бұл туралы Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20230317-WA0209

Барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін мерекелік атмосфера құру, әр тұлғаның өз еліне, Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік берген бұл шараға қала бойынша жалпы 4000-ға жуық домбырашы қатысты.

IMG-20230317-WA0208

Олардың 2500-і оқушы, 700-ден астам педагог және 700-ден астам ата-ана.

IMG-20230317-WA0207
Ұлттық үлгіде киінген домбырашылар қазақ халқының қонақ күту кезіндегі қонақжайлылығы туралы Құрманғазының «Балбырауын», барша қазақ қыздарының болмысы мен образдарын бейнелеуге арналған Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» және туған жерге, шексіз далаға деген сүйіспеншілігін, бүкіл қазақ халқының бостандыққа деген ұмтылысын білдіретін Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерін орындады.

IMG-20230317-WA0206

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале